Колледж Целиноград қаржы-экономикалық техникумы ретінде 1965 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 08.09.1964 жылғы №623 қаулысы негізінде республиканың халық шаруашылығы үшін орта білікті кадрлар даярлау мақсатында құрылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 07.07.1995 жылғы №229 бұйрығы негізінде Целиноград қаржы-экономикалық техникумы колледж болып өзгертілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.01.1999 жылғы №20 қаулысымен Целиноград қаржы-экономикалық колледжі «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі»республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007.07.24 №624 Қаулысы негізінде «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК «Қаржы жүйесі органдары мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы»АҚ болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007.12.28 №490 бұйрығымен «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі»акционерлік қоғамы «Қаржы жүйесі органдары мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы құрылды.
«Ақмола қаржы-экономикалық колледжі»АҚ«Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» республикалық қазыналық кәсіпорнының барлық құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болды.
Директорлар кеңесінің 2009.06.09 № 8 шешімімен және «Қаржы жүйесі органдары мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» АҚ президентінің 2009.06.10 №63/п бұйрығымен «Ақмола қаржы-экономикалық колледжі» АҚ атауы «Қаржы академиясы» АҚ болып өзгертілді (мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік № 29779-1901-ақ 18.06.2009 жылғы, Астана қаласының Әділет Департаментімен берілген).
«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамына «Қосылу жолымен қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 734 қаулысына сәйкес колледж
«Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ құрамына 2022 жылы 1 сәуірде құрылымдық бөлімше ретінде кірді.