Мамандығы: 06130100 – Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлерібойынша)
Біліктілігі: 4S06130105 — Ақпараттық жүйелер технигі
Іскерліктер: Компьютерлерді, серверлерді, желілік жабдықты, принтерлерді және басқа перифериялық құрылғыларды қоса, компьютерлік жабдықты орнату, конфигурациялау және техникалық қызмет көрсету.
Дағдылар: Ақпараттық жүйелердің жұмысын бақылау, мәліметтерді талдау және проблемаларды анықтау, сондай-ақ оларды жою шараларын қабылдау.
Кәсіби құзыреттер: Бағдарламалық және аппараттық құралдарды орнату және қолдау. Ұйымның жергілікті есептеу желісі мен серверлік жабдықтарын монтаждау және қызмет көрсету. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың бағдарламалық кодын жасау. Сандық және аналогтық сызбаларды оқып, микроконтроллер үшін бағдарламалық кодты жасау. Бағдарламалық қамтамасызданды-руды орнату, баптау және дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Көлемді ресурстарды басқару және көлемді инфрақұрылымына қызмет көрсету. Автоматтандырылған ақпараттық жүйені сүйемелдеуді техникалық қолдауды орындау. Ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бұл профильдегі мамандар білуі керек Бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Сервистік бағдарламалар мен жабдықтарды басқару. Бағдарламалық және аппараттық мүмкіндіктерді пайдалану. Ұйымның жергілікті есептеу желісін орнату. Ұйымның серверлік жабдығын монтаждау. Ұйымның серверлік жабдықтарына қызмет көрсету. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың кодының есептерін рәсімдеу және алгоритмдеу әдістерін, тәсілдерін қолдану. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың дайын талаптарына сәйкес бағдарламалық қамтамасыздандыру кодын әзірлеу. Бағдарламалық модуль деңгейінде бағдарламалық қамтамасыздандыру кодын түзетуді жүзеге асыру. Сандық және аналогтық сызбаларды оқу. Микроконтроллерлер үшін бағдарламалық қамтамасыздандыру кодын жазу. Дерекқорды басқару үшін бағдарламалық қамтамасыздандыруды орнату. Дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Пайдаланушылардың дерекқормен жұмыс істеуін қолдау үшін бағдарламалық қамтамасыздандыруды баптау. Көлемді инфрақұрылымның конфигурациясын баптау. Көлемді ресурстарды басқару. Қолданыстағы қызмет компоненттерін қолдау. Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі үшін қажетті жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруды орнату. Ақпараттық жүйелерді қолданыстағы ақпараттық жүйелермен біріктіру. Ақпараттық жүйемен байланысты орындалатын жұмыстарға келісім-шарттар жасасуға инженерлік-техникалық қолдау көрсету. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аппараттық-бағдарламалық құралын орнату. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің аппараттық-бағдарламалық құралдарын әкімшілендіруді жүзеге асыру. Ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен жағдайларына мониторинг жүргізу.
Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері –
Ақпараттық жүйелер технологиясы бірқатар жеке қасиеттерді қажет етеді: шығармашылық ойлау, креативтілік, идея тудыру қабілеті, еңбексүйгіштік, есте сақтау қабілеті, жауапкершілік, қарым-қатынас дағдылары.
Сфераның ерекшелігі — мұнда практикалық дағдылар бағаланады, ал жас мамандар белгілі бір тапсырмаларды орындау кезінде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Еңбек нарығында сұранысқа ие болу үшін біліктілік пен дағдыларды үнемі жетілдіріп отыру қажет.
Бұл мамандықтың артықшылығы — кірістің жоғары деңгейі, қосымша табыстың көп мүмкіндігі, сұраныс, шығармашылық және кәсіби іске асырудың көптеген нұсқалары.
Студенттер кәсіби тәжірибеде теориялық білімдерін бекітеді.