Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне әсері зор. Халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер», — дейді.
Бүгінгі ұрпақ еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды, обал мен сауапты ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты.
Осы орайда 2024 жылдың ақпан айының 22 – ші жұлдызы күні Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ КеАҚ колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А. Аманжоловтың ұйымдастыруымен І-ІІ курс студенттерінің ата-аналарына арналған онлайн – офлайн форматында «Жазасыз тәрбиелеу» вебинары өтті. Вебинар барысында колледж психологы А.А. Шабылова, топ кураторы А.К. Джанузакова сөз алды.
#Ерлік
#батырлық
#қауіпсіздік
@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq