2024 жылдың 11-ші сәуірінде «Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ» КеАҚ колледжі «Тіл пәндері» циклдық комиссиясының оқытушылары Уахитова А.Қ. мен Джанузакова А.К. техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Қарым-қатынас және тәртіп мәдениеті» онкүндігін өткізу жоспарына сай «Поэзия және ән» әдеби шығармашылық сағатын жоғары деңгейді ұйымдастырып, өткізді.
Әдеби шығармашылық сағаттың мақсаты: білім алушылардың достық, құрмет және қарым-қатынас мәдениеті туралы түсініктерін кеңейтіп, осы тақырыбыпта өздерінің достық туралы төл өлеңдерін көпшілік алдында оқып, атақты жазушылардың да достық, сыйластық туралы шығармаларына шолу жасау болды.
Аталған іс-шараға 1- М-223 тобынан Қанат О., 1-ЕА-223 тобынан Заурбекова Ж., 1–М–223 тобынан Макажанова А., 1-ПО-523 тобынан Акимжанова Н., 1 – М – 223 тобынан Мапышева З., 1-Т-223 тобынан Құрманәлі С., 2-Т-222 тобынан Жұбай А., 2-ТИС -222 тобынан Жаулыбай О., 2 -Т-222 тобынан Нұрлыбекұлы Ә., 2-ПО-222 тобының студенті Махатаева А. қатысып өздерінің төл өлеңдерімен қоса атақты шығармаларды да жоғары деңгейде орындап, көрермендердің жүрегін жаулап алды.
Колледжіміздің студенттік парламент президенті Слямшайыкова У., студенттік парламент мүшелері Жағалбайлы Ә., Жакупова А. да осындай тамаша әдеби сағатқа өз үлестерін қосты.
Әдеби шығармашылық сағатымыздың соңында достық туралы сұрақтар қойылып, оларға мардымды жауаптар алынды.
Студенттер достық, сыйластық, құрмет құндылықтары бойынша өз білімдерін, түсініктерін кеңейтіп, ашық сөйлесіп, риза болып тарасты.