Қазақстан республикасының 1 наурыз «Алғыс айту» күніне байланысты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Алмагуль Керейқызы Джанузакова мен ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Уахитова Ақмаржан Қанатқызы «Алғыс айту – парызым» атты тәрбие сағатын 2-ТИС-11-223 тобында өте әсерлі, жоғары деңгейде өткізді.
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, наурыз айының 1-і елімізде Алғыс айту күні деп жарияланды. Осы аталған жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.
Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір — біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
Аталған іс-шараға колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А. Аманжолов, «Бизнес, басқару және қызмет ету саласы» бөлімінің меңнерушісі А.Б. Қазыбай, АКТ бөлімінің меңгерушісі А.Н. Жақсыбек, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.К. Ахметова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Е. Кажғалиева, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А. И. Сарыпбекова, орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Б.Б. Абдрахманова қатысып, ризашылықтарын білдірді.