2024 жылдың 30 сәуірінде “Көптілділік қазақстандық білім беру тренді ретінде”атты блиц-турнирі өтті.

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ колледжінде  2024 жылдың 30 сәуірінде “Көптілділік қазақстандық білім беру тренді ретінде”атты блиц-турнирі өтті. Ол блиц-турнирді «Тіл пәндері» циклдық комиссиясының оқытушылары Б.Б.Абдрахманова,  А.Е.Кажғалиева, Д.Д.Сақтапберген   1ПО-123, 1УА-123, 1ВЕБ-323 топтарымен ұйымдастырып, өткізді.

 Өткізілген іс-шараның жалпы мақсатты: Бірнеше тілді меңгерген білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Өзін- өзі  дамытуға және жетілдіруге ұмтылатын көпмәдениетті тұлғаны дамыту.

 Блиц-турнир келесі кезеңдер бойынша өткізілді:

  1. Викториналық сұрақтар (Қазақстан, Ресей, Англия елдерінің мәдениеті мен тарихынан болды).

2.Мақал-мәтелдерді үш тілде айту.

  1. Алдын-ала үйге берілген тапсырма. «Отан», « Тіл», «Ана» туралы өлеңдерді үш тілде айту.
  2. «Тапқыр достар» ойыны. Бұл кезеңде студенттер (Отан, ел, жер, татулық, береке, ынтымақ, молшылық) сөздерін үш тілге аударып, сөйлем құрастыру.

Колледж студенттері қызығушылық танытып, белсенді қатысты. Атап айтсақ 1ПО-123 тобының студенттері Ақылбекұлы Дидар, Арипов Әділ, Армиянова Диана, Бекмамбетов Нұрислам, Мейрам Әділет, Мұратбек Альтаир, Шаяхмет Тасним аса белсенділік танытты.

Соңында барлық білім алушылар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде орындап, өткен іс-шараға ризашылықтарын білдірді.