12сәуірде  «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ колледжінде білім алушыларымен бірге «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді

12сәуірде  «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ колледжінде «Бизнес, басқару және қызмет көрсету саласы» циклдық комиссиясы колледжіміздің белсенді білім алушыларымен бірге «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. Іс-шараға: №10, №13, №14,№38, №64, №90, Қосшы IT мектебі, Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектептерінен 256 оқушы келді. Мектеп оқушылары колледжде оқытылатын мамандықтармен таныса отырып, көкейкесті сұрақтарына жауап ала алды. Бұл іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларының кәсіби таңдауын айқындауға мүмкіндік беру.