Мамандығы: 06130100 — Бағдарламалыққамтамасызету (түрлерібойынша)
Біліктілігі: 3W06130102 – Web-дизайнер
Іскерліктер:Брендке, сайтқасәйкес келетінтартымдыжәнефункционалды интерфейс дизайндарынжасау.
Дағдылар:Жаңа технологияларды, веб-дизайндағы тенденцияларды оқуға және кәсіпте үздіксіз өсу мен жетілдіру үшін кәсіби дағдыларды дамытуға дайын болу.
Кәсіби құзыреттер:Жеке графикалық интерфейс элементтерін жасау, web-ресурстарды құру, веб контентті басқару жүйесін қолдану.
Бұл профильдегі мамандар білуі керек Графикалық пайдаланушы интерфейс элементтерінің визуалды дизайнын жасау. Графикалық интерфейске қосу үшін графикалық материалдарды дайындау. Дизайн макеттерін дайындау. Front-end web- ресурстарды құру. Back-end web- ресурстарды құру. Веб-контентті басқару жүйесін орнату. Content Management Systems-те қауіпсіздік пен қорғауды баптау. Контентті басқару жүйесі үшін жеке шаблондар мен плагиндер жасау.
Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері –Бұл мамандықтың артықшылығы — үлкен көлемдегі ақпараттық технологиялар. Икемді кесте және әлемнің кез-келген нүктесінде жұмысты орындау мүмкіндігі бар. Оның үстіне мұндай шарттарды агенттіктер де, ірі компаниялар да ұсынады. Web-дизайнердің жұмысы қызықты әрі креативті.
Табысты еңбек пен мансаптық өсу үшін белгілі бір жеке қасиеттердің жиынтығы қажет, мысалы, көркемдік-эстетикалық талғам, зейін қою қабілеті, керемет есте сақтау, шығармашылық, ұқыптылық, табандылық. Web-сайт құру бойынша шығармашылық жұмыстардан басқа, коммуникативті дағдылар, топта жұмыс істеу, жұмыс күнін жоспарлау және ұйымдастыру қабілеттері маңызды.
Жас маман клиенттерді іздеуде қиындықтарға тап болуы мүмкін, бұл үшін сіз портфолионы алға жылжытуыңыз, әлеуетті жұмыс берушілерді іздеуіңіз және оларға өз қызметтеріңізді ұсына білуіңіз керек.
Студенттер кәсіби тәжірибеде теориялық білімдерін бекітеді.