Ағымдағы 2024 жылдың мамыр айында «Dauletten» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен талантты жастарды қолдау мақсатында «Білімнің жұлдызы» атты шәкірақы тағайындау байқауы өткізілді. Аталмыш байқауға республикамыздың 17 облысынан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының және жоғарғы білім беру ұйымдарының 987 студент қатысуға өтінім жіберді.
«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ колледжінің 1 курс студенті Әмір Абдулғаний қатысушылардың арасынан ең үздік деп танылған 200 студенттің қатарына ілініп, бірретік 100.000 теңге көлеміндегі бірретік шәкіртақыға ие болды.